«YouTube басшысы лауазымынан кету шешімін қабылдадым. Отбасыма, денсаулығыма және жеке жобаларыма бағытталған жаңа парақты (өз өмірімдегі) бастаймын», - деп жазды ол өз блогында.
Сьюзан Войчицки YouTube-қа тоғыз жыл бойы басшылық етті. Оның айтуынша, 2015 жылдан бері өндірісті бақылау бөліміне жетекшілік етіп келген Нил Мохэн видеохостингтің жаңа директоры болады.
Ал С. Войчицки технологиялық алпауыт – Google-ға (Google YouTube-ты 2006 жылы сатып алған еді) иелік ететін Alphabet холдингінде кеңесші ретінде қалады.