YouTube сервистерінің жұмысынан тағы да ақау шықты

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемнің әр түпкірінен қолданушылар YouTube платформасының жұмысында ақаулар байқалғанын хабарлап жатыр. Келеңсіздіктер негізінен бейнежазбаларды ашуға байланысты болып отыр, деп хабарлайды Downdetector.

YouTube, YouTube Music және YouTube TV сервистеріне қолжеткізу мәселелері жөнінде 342 мыңнан астам пайдаланушы шағымданған.

Олардың ішінде 56%-ы бейнелердің ойнатылуында қиындық бар екенін айтса, 32%-ы қосымшаның жұмысын, 12%-ы сайттың дұрыс істемеуін жеткізген.

Порталдың дерегіне сүйенсек, шағымдардың ең көбі — 268 мыңнан астамы АҚШ-та тіркелген. Ұлыбританияда шамамен – 62 мың, Жапониядан 19 мың шағым түскен.

Айта кетсек, қыркүйек айының басында да пайдаланушылар Gmail, YouTube, Google Maps, Google Drive, сондай-ақ Google-дың негізгі іздеу жүйесі секілді платформалардың қолжетімсіз болғанына жаппай шағымданған еді.

Ал жақында бүкіл әлемде YouTube-тың плеер интерфейсі жаңарды.