YouTube, YouTube Music және YouTube TV сервистеріне қолжеткізу мәселелері жөнінде 342 мыңнан астам пайдаланушы шағымданған.
Олардың ішінде 56%-ы бейнелердің ойнатылуында қиындық бар екенін айтса, 32%-ы қосымшаның жұмысын, 12%-ы сайттың дұрыс істемеуін жеткізген.
Порталдың дерегіне сүйенсек, шағымдардың ең көбі — 268 мыңнан астамы АҚШ-та тіркелген. Ұлыбританияда шамамен – 62 мың, Жапониядан 19 мың шағым түскен.
Айта кетсек, қыркүйек айының басында да пайдаланушылар Gmail, YouTube, Google Maps, Google Drive, сондай-ақ Google-дың негізгі іздеу жүйесі секілді платформалардың қолжетімсіз болғанына жаппай шағымданған еді.
Ал жақында бүкіл әлемде YouTube-тың плеер интерфейсі жаңарды.