YouTube тегін музыкалық сервисті іске қосады
17:00, 10 Наурыз 2013
АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - YouTube интернет-сайты музыка тыңдайтын тегін сервисті іске қосады.
Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап, Утро.ру хабарлайды.
Сайттан музыканы тегін тыңдауға болады, бірақ та жазылу ақылы, ол жарнаманы өшіріп тастау сияқты қосымша мүмкіндіктер береді.