Ол Лос-Анджелестегі өзінің үйінде 1 шілдеде көз жұмған. Аймақтың құқық қорғау органдарының өкілдері оның өз-өзіне қол салғандығын мәлім етті.
Қыздың мұндай қадамға баруына ұзаққа созылған депрессия әсер етуі мүмкін. Twitter-дегі оның жазбаларына қарағанда, жақында Райанның сүйікті атасы қайтыс болған.
Әзіл-сықақ актрисасы YouTube-тегі VH1 арнасы командасының бетке ұстары еді. Онда өзінің жеке шоуын жүргізіп, Джастин Бибер, Ким Кардашьян және басқа да атақты жұлдыздардың рөлінде ойнады.