Йозеф Блаттер мен ФИФА-ның бұрынғы басхатшысы Жером Вальке тұтқындалмайтын болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболға қатысты кез келген қызметтен шеттетілген Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер мен ұйымның бұрынғы бас хатшысы Жером Вальке тұтқындалмайтын болды, деп мәлімдеді «New York Times».

Бүгін Цюрихтегі ФИФА атқару комитетінде Швейцария полициясы ұйым шенеуніктерін тұтқындаудың жаңа сериясын жүргізіп жатқаны хабарланды. БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, оны АҚШ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісі жөніндегі қызметі ұйымдастырған. Ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл істе Блаттер мен Валькеге бейсенбі айып тағылмайды және олар тұтқындалмайды.