Ыс тиген адамды құтқаруға болады. Егер сіз...

Фото: None
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қыс мезгілінде жеке үйлерде пештен ақау шығып, адамдардың ыстан улануы жиі болып жатады.

Оқиға орнына дәрігерлерден бұрын жеткен уақытта ыс тиген адамға қалай алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен дұрыс?

Төтенше жағдайлар қызметі маман­дарының айтуынша, пештен бөлінген газдан уланған жағдайда адамды газға қарсы тұтқыш кигізіп, таза ауаға алып шығу керек. Мүмкін болса оттегі берген жөн. Зардап шегуші дем ала алмай, есінен танған болса, оған жасанды дем салу қажет. Уланған адамның денесін уқалау оның бойына қан жүгіртіп, ес жиюға көмектеседі. Қажет болған жағдайда науқастың аяғына жылытқы басқан абзал. Мүсәтір спиртін иіскетіп, мұрны мен үстіңгі ернінің аралығына массаж жасау керек. Ыс тиген адам есін жинаған соң жылы шай ішкені дұрыс. Алғашқы жәрдем көрсеткен адам науқастың ұйықтап кетуіне жол бермеуі тиіс, деп жазады «Алаш айнасы».