Ыстамбұл әлемдегі демалуға ең жайлы қала болып танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - TripAdvisor туристік порталындағы дауыс беру нәтижесі бойынша Ыстамбұл демалуға ең жайлы қала деп танылды. Бұл туралы «Вояж» туризм жөніндегі ақпараттық қызметіне сілтеме жасап «100 дорог» сайты хабарлады.

Түріктің бас қалаларының бірі Рим, Париж, Барселона сияқты елеулі бәсекелестерін басып озды.

TripAdvisor өзінің «Саяхатшының таңдауы» атты шолуында өз пайдаланушыларының миллиондаған түсіндірмелерін талдай келіп, Ыстамбұл демалуға әлемдегі ең жайлы қала деген тоқтамға келді.

TripAdvisor компаниясының маркетингі жөніндегі бөлімінің бастығы Барбара Мессинг Түркияның мәдениет және туризм министрлігіне құрметті сыйлықты тапсырды. Ал тізімге енген 25 қала орындарды былай бөлісті:

1. Ыстамбұл, Түркия 2. Рим, Италия 3. Лондон, Ұлыбритания 4. Бейжің, Қытай 5. Прага, Чех Республикасы 6. Марракеш, Марокко 7. Париж, Франция 8. Ханой, Вьетнам 9. Сим Рип, Камбоджа 10. Шанхай, Қытай 11. Берлин, Германия 12. Нью-Йорк, АҚШ

13. Флоренция, Италия 14. Буэнос-Айрес, Аргентина 15. Барселона, Испания 16. Санкт-Петербург, Ресей 17. Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері 18. Чикаго, АҚШ

19. Кейптаун, Оңтүстік Африка 20. Бангкок, Таиланд 21. Будапешт, Венгрия 22. Сидней, Австралия 23. Лиссабон, Португалия 24. Чиангмай, Таиланд 25. Сан-Франциско, АҚШ