Ыстамбұл әуежайында барлық рейстер тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайында бейсенбі күні барлық рейстер алынып тасталды, деп хабарлады Trend.

Түріктің "Milliyet" газетінің хабарлауынша, қазіргі кезде қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты «Ататүрік» әуежайында барлық рейстер алынып тасталды.

Қазіргі кезде Ыстамбұлда күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауып тұр.