Ыстамбұл халықаралық әуежайы маңында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылыс Ыстамбұлдағы полиция бөлімшесінің маңында орын алды.

Бұл туралы «РИА Новости» NTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға Ататүрік халықаралық әуежайына жақынШириневлер ауданында болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы әзірге ақпарат жоқ. Оқиға орнына жедел жәрдем және полиция қызметкерлері аттанды.