Бұл туралы Haberturk басылымына сілтеме жасап Gazeta.ru хабарлады.
Ол сонымен қатар, «Бишикташ» пен «Бурсаспор» командаларының арасында өтіп жатқан ойын кезінде футбол алаңының маңында болған жарылыстың мән-жайы толық анықталмағандығын айтты.
Оның сөзінше, жарылыстың себебі жарылғыш зат қойылған көлік болуы мүмкін деген болжам бар.
Осыған дейін Стамбулдың орталығында жаралыс болғаны хабарланған болатын.
04:16, 11 Желтоқсан 2016
Ыстамбулда болған жарылыстан 20-ға жуық адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбулдың Бешикташ ауданында болған жарылыстың салдарынан 20 адам зардап шекті, деп хабарлады Түркияның Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу.