Ыстамбұлда өзін жарып жіберген жанкешті ресейлік болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдың полицейлік учаскесінде жарылыс ұйымдастырған жанкешті ресейлік азаматша болып шықты, деп хабарлады Түркия ішкі істер министрлігі.

Билік орындарының ақпаратына қарағанда, оның аты-жөні Диана Рамазова, деп жазады Би-би-си.

6 қаңтардағы оқиға салдарынан полицей қаза тауып, оның әріптесі жараланған.

Шабуыл жасау алдында бұл әйел такси жүргізушісімен орысша сөйлескені хабарланады.

Сәрсенбі күні жарылысқа жауапкершілікті Түркияда тыйым салынған «Революциялық азат ету халықтық майданы» маркстік тобы өз мойындарына алған.