Ыстамбұлда жарылыс болды, 10 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдың Сұлтанбейлі ауданының өндірістік аймағында қуатты жарылыс болды.

Кем дегенде 10 адам жарақаттанды, деп хабарлады дүйсенбі күні NTV телеарнасы.

Ресей жаңалықтар агенттігінің жазуынша, жарылыс себебі әлі анықталмаған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем көліктері келуде.