Ыстамбұлда жарылыс болды, қаза тапқандар бар
13:46, 22 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Ыстамбұлда жарылыс болды. Бомба Түркияның Қорғаныс министрлігіне қарайтын кешеннің жанында жарылған.
РБК агенттігі хабарлағандай, бомба әскерилері бар автобус көшеде кетіп бара жатқанда іске қосылған. Нәтижесінде, ең кем дегенде 3 адам қаза тапқан. Жараланғандар туралы мәлімет жоқ.