Бююкчекмедже қала маңындағы кентіндегі мешітті байқау оңай емес, оның жер үстінен мұнарасы ғана көрініп тұр. Ол қырат басында орналасқан, одан төмен қарай баспалдақтар бар, деп хабарлады Euromag.ru .
Мешіт аумағында зәйтүн ағашы өсіп тұр. Оның ішкі кеңістігі де қарапайым, онда мозаикалар немесе әдемі тақтатастар, түрлі-түсті кілемдер жоқ.
Әйелдер ғимараттың бөлек залында құлшылық ете алады. Сәулетшінің айтуынша Санчаклар мешітін жасауға Мұхаммед пайғамбардың алғаш рет Алладан медет алған үңгірі шабыт берген.