Мерекелік басқосуға Қазақстанның Ыстамбұлдағы консулдығының мүшелері, Ыстамбұлда оқып жүрген қазақстандық студенттер және Қазақкент ақсақалдары қатысты. Ыстамбұлдағы Қазақстан консулдығының қызметкерлері құрбандық малын шалып, оны Құрбан айт дастарқанына жиналған қауымға таратты. Жастар жағы күй шертіп, өз өнерлерін көрсетті.
17:08, 29 Қазан 2012
Ыстамбұлдағы қазақтар Құрбан айтта бас қосты
АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы парасат қорының залында қазақтар Құрбан айт мерекесін тойлады. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлайды.