Барлығы 59 адам ұсталды, олар «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобына қатысты күдіктелуде. Анкарада 16 адам ұсталды, оның 15-і сирия азаматтары. Оларды елден шығаруға әзірлеуде. Басқа қалаларда ұсталғандардың кейбірі лаңкестікке айыпталуда. Полицияның атап өтуінше, олар мемлекеттік мекемелердегі әлсіз жерлерді анықтап, лаңкестік акті жасауды жоспарлаған.
Сейсенбі күні таңертең Ыстамбұлдың тарихи орталығында жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 10 адам мерт болған және 15 адам жараланған. ГФР билігінің мәліметтеріне қарағанда, осы лаңкестік актіде сегіз неміс азаматы қазаға ұшыраған. Түріктің «Ени Шафак» газеті жеті шетелдіктің мерт болғанын келтіреді. Құрбан болғандардың үшеуінің кім екендігі әлі анықталған жоқ.
Жарылыс кезінде жарақаттанған 15 адамның ішінде 11 шетелдік бар. Жанкешті-лаңкес Сұлтанахмет алаңындағы трамвай аялдамасының маңында Германия туристері тобының қасында өзін жарып жіберген. Жараланғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Баспасөздің хабарлауынша, олардың арасында тоғыз Германия азаматы мен Перуден екі турист бар.