Мұны елдің ішкі істер министрі Сулейман Сойлу да растап отыр. Оның айтуынша, қаза тапқандардың 27-сі полиция қызметкерлері. Ол сонымен қатар, «Бишикташ» пен «Бурсаспор» командаларының арасында өтіп жатқан ойын кезінде футбол алаңының маңында болған жарылыстың мән-жайы толық анықталмағандығын айтты.
Оның сөзінше, жарылыстың себебі жарылғыш зат қойылған көлік болуы мүмкін деген болжам бар.
Осыған дейін Стамбулдың орталығында жаралыс болғаны хабарланған болатын.