Ыстамбулдың орталығында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбулдың Бешикташ ауданында Мачка паркінің маңында, қаланың орталығында жарылыс болды. Жарылыс болған жерде өрт тұтанып, оны оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сөндіріп жатқан, деп хабарлайды Риа Новости NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс мина қойылған көлікті пайдалану арқылы жасалған теракт болуы мүмкін, деп хабарлады телеарна. Twitter желісін пайддаланушылар жарылыстың екі рет болғандығын айтады және ол Бешикташ футбол стадионының маңында орын алған.