АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ұшақты тексеру кезінде қозғалтқыштан құстың қалдықтары табылды. Бұл туралы «Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін Ыстанбұл -Алматы- KS 912 рейсін орындаған Airbus A321LR ұшағын тексеру барысында қозғалтқышынан құс іздері табылды. Қозғалтқышқа борескопиялық тексеру жүргізу қажет»,- деп «Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 18 тамыз күні Алматы - Атырау рейсіндегі ұшақтың қозғалтқышына құс түсіп кеткен болатын. Техникалық жағдайын бағалау үшін бортты пайдалану тоқтатылды. Осыған байланысты Атырау - Алматы КС878 рейсі кешіктіріліп орындалады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.