Ыстанбұл маңында кеме өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұл қаласының маңындағы кеме жөндеу орындарының бірінде тұрған кемеден өрт шықты. Бұл туралы дүйсенбі күні Habertürk телеарнасы хабарлады.

Оның мәліметтерінше, Тузла ауданында орын алған төтенше жағдай салдарынан адамдар зардап шекті, қазіргі кезде олардың саны аталмай отыр.

Оқиға орнына өрт сөндіруші бригадалар келіп жетті.