ЫСТАНБҰЛ. Анадолу-ҚазАқпарат – Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Қала губернаторы Али Йерликая мәлім еткеніндей, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 16:20-да Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде жарылыс болды. Оқиға орнына жедел жәрдем, құтқарушылар, қауіпсіздік күштері мен AFAD бригадалары дереу жөнелтілді. Құрбандан мен зардап шеккендер бар. Қосымша ақпарат тағы жарияланады», - деп жазды Ыстанбұл губернаторы Али Йерликая Twitter-де.
Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Жарақат алғандардың бірқатары жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.
Полиция қауіпсіздік шараларын қабылдап, көшедегі жаяу жолаушылар мен көлік қозғалысын тоқтатты.
Сонымен қатар «Таксим» мешіті жабылды. Аумаққа әуеден тікұшақ арқылы бақылау жүргізіліп отыр.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.