Ыстанбұл полициясы әуежай маңындағы фургонға оқ атты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні түркиялық полицейлер Ыстанбұлдағы Ататүрік әуежайы маңындағы күдікті фургонға оқ атты. Бұл туралы CNN Turk телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның деректеріне қарағанда, үш адам отырған ақ фургон бақылау-өткізу пунктінің тоқтау туралы бұйрығына бағынбаған.

Полиция құқық бұзушылардың соңынан қуды, бірақ фургон жүргізушісі оқыстан бұрылып, жеткізбей кетті.