Басылымның ақпаратына сәйкес құтқару операциясы жергілікті уақыт бойынша таңғы 5.45-те басталған. Ғылым және техника мектебінің студенттері арнайы осы үшін робот-қол әзірледі.
- Біздің команда итті құтқару үшін жаңа әдісті пайдаланды. Олар оны алып шығу үшін қаншама күш-жігерлерін жұмсады. Робот-қол - біздің жалғыз мүмкіндігіміз болды, - деді қала мэрі Бейкоза.
Агенттік атап өткендей, операция кезінде еріктілер күшікті тамақтандырып отырған. Олар күшікті құтқару барысын ұдайы бақылап отырды.