Ыстанбұлда белгісіз біреулер граната атқышпен «ақ партия» ғимаратын атқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлда белгісіз біреулер «Әділет және даму партиясының» Сүтлүдже аудандық басқармасының кеңсесіне граната атқыштан оқ жаудырған, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Ғимараттың қабырғасын тесіп өткен ракета жарылмаған көрінеді. Оқиға орнына сапёрлердің шақыртылғаны да белгілі болды.

Ntv haber хабарлауынша, қазір маңайда күдіктілерді іздеу операциясы басталды. 

Фото: ntv haber