" Ыстанбұл әуежайларында метеорологиялық жағдай күрт нашарлап кетті. Соның салдарынан көптеген рейстер бөгеліп жатыр. Ол жақта қалың қар түсті. Енді, қазақстандықтар Түркияда визасыз жүре алатындықтан, өз үйлеріне барғандай болады. Ал Ыстанбұл жаққа, көбінесе, өздігімен баратын қазақстандықтар көп", - дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің туризм департаментінің басшысы Марат Иғали.
Айта кетейік, кешеден бері Ыстанбұл әуежайларында көптеген рейстердің ұшуын тоқтатты. Себебі қалың қармен бірге қатты жел соғып тұр. "Turkish Airlines" компаниясының өзі шамамен 400 ішкі және сытқы рейстерді тоқтатты. Оның барлығы бүгін ұшуі тиіс еді.