Ыстанбұлда қаза тапқандардың ішінде 16 шетелдіктің бар екендігі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түні белгісіз адамдар Ыстанбұлдағы Reina түнгі клубының келушілеріне бейберекет оқ атқан. Шабуыл салдарынан соңғы деректерге сәйкес, 39 адам мерт болды, ең кемі 69 адам жараланған.

Лаңкестік шабуылдан 16 шетелдік көз жұмғандығы анықталып отыр, деп жазды tvzvezda.ru.

 Түркия билігі оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалады.

Сондай-ақ, түркиялық полиция лаңкестердің бірінің көзін жойды. Шабуыл жасаған топтың құрамы және қатысушылары анықталып жатыр.