Ыстанбұлда Қазақстанның Түркияға сауда-экономикалық миссиясы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 31 шілдеде Ыстанбұл қаласында Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш шара Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, Қазақстан Республикасының Индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚазақстанныңСыртқы сауда палатасы және Түркияның сауда палаталары мен биржалар одағының қолдауымен ұйымдастырылды.

Саудамиссиясы барысында Қазақстанның экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақелдегі бизнес жүргізу тәртібі, экспорттаушылар мен шетелдік инвесторларға көрсетілетінмемлекеттік қолдау шаралары мен жалпы сауда жүргізуді ынталандырудың түрлі құралдарытуралы баяндамалар жасалды.

Іс-шарабарысында Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Қазақстанның маңызды стратегиялық әрібасты сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Екіжақты сауданың 1992 жылғы 30 миллион АҚШ долларыкөрсеткішінен бүгінгі таңда 2 миллиард долларға жетіп отырғаны айтылды.

Соныменқатар, қазақстандық дипломат тәуелсіздікжылдарында Түркия Қазақстан экономикасына 3,8 миллиард доллар шамасында инвестиция құйғанын жәнеқазіргі таңда ел экономикасының түрлісалаларында түрік капиталының қатысуымен 2200-ге жуық кәсіпорын жұмыс істеп жатқанынайтты.

Саудамиссиясы шеңберінде Қазақстан және Түрік кәсіпкерлері арасында В2В форматында екіжақтыкеліссөздер өткізіліп, соның нәтижесінде бірқатар қазақстандық өнімнің түрік нарығынашығарылуы бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Сондай-ақ,іс-шаралар аясында Түркі сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстан-Түркия біріккенпалатасының алғашқы отырыстары өткізілді. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиямүше болып табылатын бұл палата мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері арасындағы экономикалықбайланысты нығайтуды және екі ел арасындағы тауар айналымының өсуін көздейді.

Қазақстан-Түркиябіріккен палатасының алғашқы отырысында Елші бұл палатаның Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы13 қыркүйекте Анкараға жасаған сапары барысында құрылғанын және екі ел арасындағысауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты ынталандыружәне нығайтуды көздейтінін атап өтті.

Саудамиссиясына қазақстандық және түрік компанияларының 150-ден астам өкілдері қатысты.Соныңішінде 30 қазақстандық өңделген өнім экспорттаушысы болды.