Ыстанбұлдың Bağcılar және Kirazlı метрополитеннің екі стансасында қозғалыс шектелді .
Оқиға орнына полиция шықты, күдікті іздестірілуде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ыстанбұл полициясы 1 қаңтарға қараған түні түнгі клубқа шабуыл жасаған күдіктінің кім екенін анықтағаны хабарланған. Полиция өкілдері олардың өзбекстандық Абдулгадир Машарипов пен Абу Мухаммед Хорасан екенін анықтады.
Қарулы қақтығыс салдарынан 39 адам қаза тауып, 69 адам ауруханаға жеткізілген болатын. Құрбандар арасында Ресей азаматшасы бар.