Ыстанбұлда Ресей-Украина мәселесі бойынша келіссөздер басталды
14:00, 29 Наурыз 2022
ЫСТАНБҰЛ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей делегациясының басшысы, Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский мен Украина делегациясының мүшесі, «Слуга народа» партиясының парламенттегі фракциясының басшысы Давид Арахамия арасындағы келіссөз Ыстанбұлда басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұрын екі ел делегациясына Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған ұсыныс жасаған болатын. Ыстанбұлда өтіп жатқан келіссөздер – Ресей мен Украинаның 7 наурыздан бергі бірінші кездесуі.