A.S. есімді ұлты түрік Франция азаматы «Ислам мемлекеті» (ИМ, РФ тыйым салынған) террористік тобына қатысы бар деген күдікпен іздестіріліп жатқан адамдар тізімінің қатарында болған. Ол лаңкестік әрекетті жүзеге асырған Абдулкадир Машарипов жасырынған пәтерді жалға алған.
Еске сала кетейік, Түркия мегаполисіндегі Reina түнгі клубына шабуыл жаңа жылдың түнінде жасалды. Автоматпен қаруланған лаңкестер клубты күзетіп тұрған полицейді атып, оның ішінде болған 700 адамға қарсы оқ жаудырған. Түркия ІІМ дерегіне сүйенсек, 40 адам қаза тауып, 70-тен астамы жарақат алды. Жаңа жыл түнінде орын алған оқиғадан 13 елдің өкілдері зардап шекті. Лаңкестік әрекетті жасаушы 16 қаңтар күні Ыстанбұлдың Эсенюрт ауданында антитеррористік операция барысында тұтқындалды.