Ыстанбұлда Түркияда тұратын отандастардың қатысуымен бизнес-форум өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 31 шілдесінде «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Түркиядағы ҚР елшілігімен бірлесіп, бизнес-форум ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара «Атамекен» ҰКП сыртқысауда палатасының Түркия Республикасында 31 шілдеден 1 тамызға дейінөткізетін сауда-экономикалық миссияның бір бөлігі болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты –Түркияның қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас орнату.

Бизнес-форум шетелде тұратынотандастармен байланыс орнату және нығайту жөніндегі Қордың бағдарламасының бірбөлігі болып табылады.

Бизнес-форум барысындақатысушылар өзара іс-қимыл тетіктерін, ШОБ және ірі бизнес саласындағыбизнес-бастамаларды ынталандыру, сондай-ақ стартаптарды қолдау және дамытутетіктерін егжей-тегжейлі талқылады.

Сондай-ақ жиында тоқыма өнеркәсібінің, ауылшаруашылығының, қызмет көрсету саласының дамуына, технологиялық өндірістердіқұруға негізделген түрік нарығының бейінін ескере отырып, осы салаларға басаназар аударылды. Форум қатысушыларына Қазақстан облыстарының инвестициялықәлеуеті таныстырылды.

Форум жұмысына 150-ден астамадам қатысты. Қатысушылар өздерін қызықтыратын стартаптар, бизнес-бастамалар,қолда бар жобалар туралы айтып, спикерлерге сұрақтар қойып, бизнес жоспарлармен бастамаларды Қазақстанда, сондай-ақ халықаралық нарықта дамытумүмкіндіктерін талқыланды.


Форум соңында Қордың біріншівице-президенті Талғат Адуов Түркияда тұратын отандастарды Қордың қазақ үйініңіскерлік үйі мен мәдени орталығы өкілдерін анықтауына белсенді қатысуға шақырды.Сондай-ақ кездесуге қатысушыларды ағымдағы жылдың қараша айында Түркістанқаласында өтетін отандастардың бірінші форумына шақырды. Бұдан басқа, Қорұсыныстарға ашық және тұратын жеріне қарамастан барлық отандастармен «байланыста»тұрғанын, ол үшін барлық өзекті мәселелер бойынша кеңес беретін және ақпараттыққолдау көрсететін отандастар мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығыарнайы құрылғанын атап өтті.

Түркиядағы бизнес-форум маусымайында Мюнхен қаласында өткен форумнан кейінгі екінші бизнес-форум болыптабылады. Келесі Бизнес-форум 2019 жылы 27 тамызда Сан-Франциско қаласында(АҚШ) өтеді.