Табиғи апаттың салдарынан Босфор шығанағындағы «Мармарай» теміржол туннелі және оның дублері «Еуразия» автомобиль жолы жабылды. Сондай-ақ, Ыстанбұлға бағыт алған әуе рейстерінің бірқатары басқа әуежайларға жіберілді, деп хабарлайды түрік БАҚ-тары.
Төқтаусыз жауған нөсерден метрополитеннің бірнеше станциясын су басып қалды.
Күшті желден Хайдарпаша портында кран құлап, салдарынан жарылыс болды. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел сөндіріп үлгерді.
Соңы бұршаққа ұласқан алапат нөсер Ыстанбұлға осыдан он күн бұрын соққан сұрапыл дауылдан кейін осылайша қайта оралды.