Алдын ала болжам бойынша шабуыл жасаған Қырғызстан азаматы Яхья Машрапов (Iakhe Mashrapov) болып шықты.
Оның атындағы төлқұжаттағы бейнені TRT World түркі мемлекеттік телеарнасы көрсетті.
Құжат 2016 жылғы 21 қазанда Қырғызстан тіркеу қызметімен берілген. Әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ. Сондай-ақ әлеуметтік желіде Машрапов бейнесі түсірілген видео пайда болды.
Терактіні жсаған тұлға әзірше бостандықта жүр. Күш құрылымдары оны іздестіріп жатыр. Ыстанбұлдың Зейтинбурн ауданында 2 қаңтарда жүргізілген арнайы қылмыскерді ұстау операциясы сәтсіз аяқталды.
Reina түнгі клубында 39 адам терактінің құрбаны болды. Олардың ішінде 25 шетелдік бар.