"Ыстанбұлдағы Ататүрік әуежайы әлі жабық тұр, ұшуға әлі рұқсат берген жоқ. Алматыдан Ыстанбұлға ұшқан кешегі рейс Анталияда қонып, Ыстанбұл әуежайларының ашылуын күтіп отыр. Ол ұшақта 60 адам бар. Ал Ыстанбұлдың өзінде шамамен 120 жолаушы Алматыға ұша алмай жатыр", - дейді департамент жетекшісі Мараи Иғали.
Айта кетейік, кешеден бері Ыстанбұлда ауа райы бұзылып, қалың қар мен қатты желдің салдарынан барлық әуе рейстерінің ұшуы тоқтатылды .