Қырғызстан ҮҒА Сейсмология институтының хабарлауынша, 17 желтоқсан күні 21: 02-де жер асты дүмпуінің күші Светлая Поляна, Подгорное, Чоң-Кызыл-Суу елді мекендерінде - 3 балл, ал Жети-Огүз, Тилекмат, Ак-Добо, Мундуз, Жалгыз-Орүк, Кызыл-Суу ауылдарында 2,5 балл болған.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қирандылар мен құрбан болғандар тіркелмеген.