Ыстық су беру жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр: Балқаш әкімдігі ЖЭО-да болған апат туралы

Фото: Ашық көздерден алынған фото
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаш ЖЭО-сында болған апатқа қатысты жағдайға қала әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 16:30-да Балқаш ЖЭО-да 10,5кВ ГРУ жүйесі түтіндеп, 6,7,9. ТА 2,3,7 құрылғылары істен шықты. Жұмыс тобы ақауды бірден қалпына келтірді. Қалада электр қуатымен байланысты мәселе жоқ. Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр»,-деп хабарлады қала әкімдігінен.

Ведомство өкілдері сағат 20:50-дегі жағдай бойынша 2 қазандық пен 2 турбина жұмысымен байланысты жағдай тұрақты. Балқаш қаласының тұтынушылары ыстық сумен қамтамасыз етілген.

Техникалық ақауды тергеу жұмыстары Қарағанды облыстық Атом энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті өңірлік департаментінің қатысуымен жүргізіледі.

Осыған дейін Балқаш ЖЭО-сында апат болған хабарлаған едік.