«Ыстықкөл-2015» халықаралық фестиваліне қазақстандық спортшылар қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-30 маусым аралығында Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында «Ыстықкөл-2015» шахмат фестивалі өтеді, деп хабарлайды 24.kg.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және қырғыз елінің астанасы мен аймақтарынан спортшылар қатысады. Түрлі жас топтары бойынша үш балалар турнирі мен ересектер арасында бір турнир өткізу көзделген. Швейцарлық жүйе бойынша барлығы 9 тур ойналады. Сонымен қатар фестиваль бағдарламасында футбол матчы, блиц-турнир өтеді. Титулды қазақстандық шахматшы, гроссмейстер Флюра Ускова бірмезеттік ойын сеансын өткізеді.