Ыстықкөл облысында 8 вагон рельстен шығып кетті

Фото: None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат - Сегіз вагонның рельстен шығып кетуі салдарынан Балықшы-Жел-арық аумағындағы пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «Кыргыз темир жолу» ҰК ММ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Кабар.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда және пойыздардың қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар