Ыстықкөл жағалауында жазға қарай курорттық милиция құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда туристік маусымның басталуына орай Ыстықкөл курорттық милиция құрылады, деп мәлім етті журналистерге бүгін, сейсенбіде Қырғызстан Ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Оразалиев.

«Ыстықкөл жағалауында демалушылардың қаупсіздігін қамтамасыз ету үшін курорттық милиция құрылатын болады»,-деді ол.

А. Оразалиевтің сөзіне қарағанда, Ыстықкөлге Бішкек облысынан арнайы мақсаттағы полтың бөлімі апарылады. Курорттық милиция пансионаттарды, демалыс үйлерін, сондай-ақ курорттық кенттердің аумағын күндіз-түні қадағалайтын болады, деп хабарлайды КирТАГ.

Еске сала кетсек, Ыстықкөлдің пансионаттары мен шипажайлары жыл сайын миллионнан астам туристі қабылдайды.