Ыстықкөлде француз турисін ұрып, тонап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция турисі Одри Шастонды Ыстықкөл облысындағы жайлауда ұрып, тонап кетті, деп хабарлады knews.kg облыстық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап.

Оның мәліметтері бойынша, кеше Ақсу аудандық ІІБ-ына аумақтық ауруханадан дене жарақатымен 36 жастағы Франция азаматы түскені туралы хабар келіп түскен.

Милиционерлер одан жауап алғанда шетелдік осы жылғы 22 шілдеде жалғыз өзі жергілікті тұрғынмен танысқан Алтын-Арашан жайлауына саяхаттап, жаяу шыққан. Осы күні шамамен сағат 22.00.-23.00-де сол жігіт оған киіз үйге кіріп, ешқандай себепсіз дене жарақатын салған және күш қолданып, 5 мың сом ақшасын және несиелік карточкасын тартып алған. Келесі күні тонаушы киіз үй қожайынымен бірге автомашинамен зардап шеккен адамды Қаракөлге жеткізіп, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Жедел қызметкерлер киіз үй тігілген Алтын-Арашан жайлауына барып, оның иесі Ақсу ауданының Теплоключенка ауылының тұрғыны екенін анықтаған. Қылмыс орнынан заттай айғақтар табылды. Күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде.

Франция азаматын тонау бойынша қылмыстық іс қозғалды.