Дәрігерлердің мәліметінше, оқиға салдарынан бойжеткен мен жігіт жарақат алып, қаза тапқан. «Тағы бір зардап шеккен қыз хирургия бөлімінде жатыр, оның миы шайқалған. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр», - деді Қырғызстан денсаулық министрлігінен.
14:32, 25 Шілде 2023
Ыстықкөлде гидроцикл бойжеткен мен жігітті қағып, мерт қылды
ШОЛПАН-АТА. КАБАР – ҚазАқпарат – Шолпан-Ата қаласында Ыстықкөл жағажайында гидроцикл (су скутері) екі адамды қағып, мерт қылды. Тағы бір адам зардап шекті. Бұл туралы «Кабар» елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.