Ведомствоның мәліметінше, бес катамаранға мінген 17 адам (есімдері анықталып жатыр) желдің күшімен жағалаудан үш шақырым қашықтыққа ығып кеткен. Олар жағалауға өз бетінше жете алмаған соң көмекке жүгінген.
Оларға көмек беру үшін бір қайыққа мініп жергілікті тұрғындар жолға шыққан. Алайда олар да жете алмай, көлде қалып қойған.
Оқиға орнына Ыстықкөл төтенше жағдайлар бөлімінің үш құтқарушысы, Төтенше жағдай министрлігінің сүңгуір қызметінің үш сүңгуірі тартылды.
Олардың көмегімен 17 адам құтқарылып, 5 катамаран мен көлде қалып қойған қайық жағаға шығарылды.
Құтқарылған азаматтардың жағдайы бірқалыпты.