Ыстықкөлде "Посткеңестік ықпалдастықтағы Орталық Азия" деп аталатын халықаралық конференция өтіп жатыр

None
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Ыстық көлде "Посткеңестік ықпалдастықтағы Орталық Азия" деп аталатын тақырыпта халықаралық конференция өз жұмысын аяқтайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі күндік бұл шараға Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Германия, Италия сияқты елдерден ғалымдар мен сарапшылар қатысуда. Онда аймақ елдеріндегі ықпалдастық мүмкіндіктері жан-жақты талқыланып жатыр. Конференция жұмысы туралы қыркүйектің 13-і күні Алматыда арнайы баспасөз мәслихаты өтпекші. Оған - Қоғамдық мәселелерді талдау орталығынан Қанат Берентаев, Саяси шешімдер институтынан Рустам Бурнашев, Новосібір мемлекеттік университетінен Владимир Пластун, Мәскеу эксперименталдық шығармашылық орталығынан Андраник Дереникьян спикер ретінде қатыспақ. Онда - Орталық Азиядағы ықпалдастықтың экономикалық факторлары; Ықпалдастықтың саяси тұрақтылықты қолдау құралы ретіндегі рөлі; Аймақтық ықпалдастық жобаларындағы Ресейдің рөлі мен орны; Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ықпалдастық тақырыптары әңгіме өзегіне айналмақ.