деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі күндік бұл шараға Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Германия, Италия сияқты елдерден ғалымдар мен сарапшылар қатысуда. Онда аймақ елдеріндегі ықпалдастық мүмкіндіктері жан-жақты талқыланып жатыр. Конференция жұмысы туралы қыркүйектің 13-і күні Алматыда арнайы баспасөз мәслихаты өтпекші. Оған - Қоғамдық мәселелерді талдау орталығынан Қанат Берентаев, Саяси шешімдер институтынан Рустам Бурнашев, Новосібір мемлекеттік университетінен Владимир Пластун, Мәскеу эксперименталдық шығармашылық орталығынан Андраник Дереникьян спикер ретінде қатыспақ. Онда - Орталық Азиядағы ықпалдастықтың экономикалық факторлары; Ықпалдастықтың саяси тұрақтылықты қолдау құралы ретіндегі рөлі; Аймақтық ықпалдастық жобаларындағы Ресейдің рөлі мен орны; Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ықпалдастық тақырыптары әңгіме өзегіне айналмақ.