Ыстықкөлде жаздың аптап ыстығында қар жауды
13:41, 13 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстықкөлде жаздың аптап ыстығында қар жауды, деп хабарлайды куәгерлер.
«2017 жылдың 12 тамызы. Ыстықкөлде нағыз қыс. Ешкім сенбейді...», - делінген видеоның астына жазылған пікірде. Куәгердің айтуынша, Ыстықкөлдегі ауа температурасы шамамен 15-16 градус жылы.