Ыстықкөлде жер сілкінді
11:55, 13 Маусым 2019
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ыстықкөл облысында 13 маусым 00:09-да қуаты 2,5 балдық жер сілкінді, деп хабарлайды "Кабар" агенттігі.
ТЖМ Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтына сілтеме жасап хабарлағандай, жер сілкінісі Орнок ауылында сезілген - 2 балл.
Алдын ала дерек бойынша, ешкім зардап шекпеген.