ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, 29 шілдеде 08:40-та Ак-Олон ауылының жолында "Жигули" мен "Ауди 100" соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1960 жылғы жүргізуші әйел қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Оқиға орнына келген құтқарушылар зардап шегушілерді көліктен шығарып, дәрігерлерге тапсырды.
Сондай-ақ, мерт болған әйелдің денесін милиция қызметкерлеріне берді.