Ыстықкөлдегі қазақстандық пансионаттар жөніндегі келісім қайта қаралмайды - Т.Сариев
17:36, 08 Шілде 2010
ІШКЕК. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Қырғызстанда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялар басшыларының қатысуымен өткізілген баспасөз мәслихатында Қырғыз Республикасының Қаржы министрінің міндетін уақытша атқарушы Темір Сариев Ыстықкөлдегі Қазақстанға берілген төрт пансионатқа байланысты келісімдер қайта қаралмайды, деп сендірді.
Т.Сариевтің айтуынша, Қырғыз Республикасының уақытша үкіметі инвестицияларды қорғау туралы шешімді өзінің бірінші декретінде қабылдады. «Ия, проблемалар бар, оның үстіне олар уақытша үкіметтің кейбір мүшелері тарапынан айтылды. Бұл сәтсіз қалжың», - деді ол.
Қырғызстан бұрындары қабылданған барлық келісімшарттарды қатаң орындап отырады. «Әсіресе бұл Қазақстанға қатысты. Ыстықкөлдегі төрт пансионатқа қатысты бұрынғы келісім өз күшінде қалады, өйткені ешқандай жаңа нормативтік-құқықтық акт бұрынғы келісімді жоққа шығара алмайды. Оның үстіне келісімді қабылдау кезінде барлық қажетті шаралар сақталды», - деді Темір Сариев.