Т.Сариевтің айтуынша, Қырғыз Республикасының уақытша үкіметі инвестицияларды қорғау туралы шешімді өзінің бірінші декретінде қабылдады. «Ия, проблемалар бар, оның үстіне олар уақытша үкіметтің кейбір мүшелері тарапынан айтылды. Бұл сәтсіз қалжың», - деді ол.
Қырғызстан бұрындары қабылданған барлық келісімшарттарды қатаң орындап отырады. «Әсіресе бұл Қазақстанға қатысты. Ыстықкөлдегі төрт пансионатқа қатысты бұрынғы келісім өз күшінде қалады, өйткені ешқандай жаңа нормативтік-құқықтық акт бұрынғы келісімді жоққа шығара алмайды. Оның үстіне келісімді қабылдау кезінде барлық қажетті шаралар сақталды», - деді Темір Сариев.